Елена Рыбакина Лондондағы турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы ұлыбританиялық Хитер Уотсонды 6:4, 6:2 есебімен жеңіп, WTA 500 санатындағы жарыстың 1/4 финалына шықты.
Енді отандық теннисші жартылай финалға шығу үшін германиялық Татьяна Мариямен бақ сынайды.