Оралдағы Жайық өзенінде суға батып кете жаздаған әйел құтқарылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқиға бүгін кешкі уақытта болған. Әйел адамды ТЖМ қызметкерлері патрульдеу кезінде байқап қалған. Ол Жеңіс алаңы ауданында аяғы тайып, суға құлап, бата бастаған.
Жедел-құтқару жасағының күшімен 1991 жылы дүниеге келген әйел құтқарылып, қайықпен жағаға жеткізілді.
Осы ретте ТЖМ азаматтарды суда жүріс-тұрыс ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Ол үшін тыйым салынған жерлерде және түнде шомылмаңыз, құтқару құралдарын пайдаланыңыз. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Тек бірлескен жауапкершілік пен қырағылық өмірді сақтауға және жазғы демалысты қауіпсіз етуге көмектеседі.