«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында Қазақстанның Қызыл кітабына енген қар барысы тіркелді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл сәттің видеосы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің желі парақшасында жарияланды. Ондағы мәліметке сүйенсек, ерекше кадрлар ұзақ мерзімге орнатылған фототұзақтың көмегімен алынған.
Бейнематериалдардан барыстың өз аумағын жүйелі түрде шолып жүретіні байқалады.
Бақылау нәтижелері бойынша ол бұл аумақта шамамен төрт ай бойы тіршілік еткен. Алынған деректер осы сирек жыртқыштың мекендеу ортасы мен мінез-құлқын зерттеу үшін аса құнды ғылыми материал болып табылады,-делінген мәліметте.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (@qazaqormany)