Құжатта парсы елінің ядролық саладағы міндеттерін орындамай отырғаны жазылған.

Тиісті құжат ұйымның сайтында жарияланды, деп хабарлайды inbsuiness.kz сайты.

Бұдан өзге онда Иранға қарсы халықаралық қатаң экономикалық санкцияларды қалпына келтіру туралы да айтылған.

Бұл шектеулер ядролық бағдарламағы қатысты 2015 жылғы мәміле негізінде алынып тасталған еді. Сол кезде Иранның ядролық нысандарына бақылау жасалды және бейбіт атомды дамыту бойынша келісім болған.

Бірақ 2018 жылы президент болған Дональд Трамп ол келісімді бұзып, Иранға санкция салды. Бұған қарымта ретінде Тегеран келісімнің кейбір тармақтарын орындаудан бас тартқан еді.