Астанада автобус апатынан кейін екі аяғын ампутациялауға тура келген 7 жасар Алуа Бекеннің отбасына 19,6 миллион теңге көлемінде сақтандыру төлемі төленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы .

Балақайдың туыстарына жолаушыларды тасымалдау кезіндегі жауапкершілікті міндетті сақтандыру аясында 19,6 миллион теңге көлемінде төлем аударылды. Автопарк "Евразия" сақтандыру компаниясында сақтандырылған.

"Жол апатынан зардап шеккен бала ұзақ уақыт емделіп, оңалудан өтіп, кейін протез салдыруы қажет екенін ескере отырып, қосымша шығындарды жедел өтеу үшін, қажетті құжаттар топтамасы (соның ішінде мүгедектік туралы анықтама) толығымен ұсынылғанға дейін, заң аясында сақтандыру төлемін толық көлемде төлеу туралы шешім қабылданды", — деп мәлімдеді компания өкілдері.