Ол еліміздің еңбек сіңірген спорт шебері .

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Су спорт түрлері федерациясының Бас хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты

"Qazaqstan Aquatics" қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс жиыны өтті. Жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин федерацияның Бас хатшысы болып тағайындалды.

Бұған дейін бұл лауазымды атқарған Сергей Дроздовтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған еді.

"Дмитрий Баландиннің тағайындалуы – оның спорттағы жетістіктерін мойындау ғана емес, федерацияны жаңғырту және институционалдық тұрғыдан күшейту жолындағы маңызды қадам. Біз оның кәсібилігі мен беделі еліміздегі су спорттары саласына тың серпін береді деп сенеміз", – деді Федерация президенті Нұрлан Жақыпов.

Дмитрий Баландин – республиканың еңбек сіңірген спорт шебері. Ол 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында чемпион атанды.