АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Иранның ядролық келісім жасауға "екінші мүмкіндігі" болуы мүмкін екенін мәлімдеді.
– Екі ай бұрын мен Иранға келісім жасау үшін 60 күндік ультиматум қойдым... Оларға не істеу керегін айттым, бірақ олар оны орындай алмады. Енді, мүмкін, олардың екінші мүмкіндігі бар шығар! – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.
13 маусымға қараған түні Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) "Күн көтерілген арыстан" атты кең ауқымды операцияны бастады. Операция аясында Израиль әскери-әуе күштері Ирандағы әскери нысандар мен ядролық бағдарламаға қатысты объектілерге соққы жасады.
Әуе шабуылдары елдің әртүрлі аймақтарында, соның ішінде Тегеранда да жүргізілді. Салдарынан Иран Қарулы күштері Бас штабының бастығы, Ислам революциясы сақшылар корпусының командирлері және бірнеше ядролық ғалым қаза тапты.