Астанадағы салтанатты рәсім барысында Денсаулық сақтау министрлігінің 17 номинация бойынша «Мамандығының үздігі» республикалық байқауының жеңімпаздары атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Олардың қатарында әртүрлі бейіндегі дәрігерлер, акушер-гинекологтар, хирургтар, фармацевтер, оқытушылар, санитариялық дәрігерлер және еліміздің барлық өңірлерінен келген басқа да мамандар бар:

• «Стационардың үздік дәрігері» — Смайылов Совет Сләммұратұлы (Павлодар облысы);

• «Үздік жедел жәрдем дәрігері» — Тәжібекова Салтанат Болатқызы (Шымкент қ.);

• «Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің үздік дәрігері» — Бақбергенова Айгүл Жұпарбайқызы (Қызылорда облысы);

• «Үздік ауылдық дәрігер» — Төлеуов Жақып Оразайұлы (Қызылорда облысы);

• «Денсаулық сақтаудағы үздік әлеуметтік қызметкер» — Сабиева Айгүл Болатқызы (Шымкент қ.);

• «Үздік акушер» — Қаженова Маржан Тынышқалиқызы (БҚО);

• «Стационардың үздік мейіргері» — Тілеубаева Эльмира Жасұланқызы (Алматы обл.);

• «Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің үздік мейіргері» — Әлжанова Әлия Наурызбайқызы (Ақмола обл.);

• «Үздік ауылдық мейіргері» — Жұманазарова Жұлдыз Құрбанқызы (Түркістан облысы);

• «Үздік фельдшер» — Маханбетова Гүлнар Аманкелдіқызы (Ақтөбе обл.);

• «Медициналық жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» — Қожанова Қалданай Қаржауқызы (С. Ж. Асфендияров атындағы «ҚазҰМУ» КеАҚ);

• «Медицина колледжінің үздік оқытушысы» — Жұмадилова Мадина Сембайқызы (Жетісу облысы);

• «Денсаулық сақтаудағы үздік ғалым» — Жақыпбеков Қайрат Сапарханұлы (С. Ж. Асфендияров атындағы « ҚазҰМУ» КеАҚ.);

• «Денсаулық сақтаудың үздік менеджері» — Әмрин Сәкен Өмірсерікұлы (СҚО);

• «Санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі үздік дәрігер» — Пивоваров Евгений Иванович (ШҚО);

• «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың үздік маманы» — Рахымбаева Алмагүл Қалиқызы (Алматы қ.);

• «Үздік провизор» — Әлжанова Хадиша Дербісқызы (Түркістан облысы).

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова саланың үздік мамандарына дипломдар мен сертификаттар табыс етті.

Конкурс жеңімпаздары 500 АЕК мөлшерінде көтермелеу төлемдерін алады.