Ел футболын дамыту қолға алынуда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайда кәсіпкерлер мен бизнес өкілдерін отандық футболды қолдауға шақырды.
Осы тапсырманың аясында Павлодарлық "Ертіс" клубы мен "Қазақтелеком" АҚ, "Kcell" АҚ және Аctiv бренді арасында әріптестік байланыс орнатылды.
"Біз дәстүрлі жарнамадан гөрі шынайы серіктестікке басымдық бердік. Тарихы терең, рухы мықты "Ertis" талай буынды шабыттандырып, аты аңызға айналған клуб. Бес дүркін ел чемпионы, Кубок иегері, чемпионаттарда медаль саны бойынша рекорд жасаған. Азия мен Еуропа ареналарында 2000-нан астам ойын өткізген. Қазір команда даму жолындағы маңызды кезеңнен өтіп жатыр, біз оның алдыңғы қатарға қайта оралатынына сенеміз", – деп атап өтті "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин.
Аталған әріптестік кәсіби футболға жеке инвестициялар тартуды, өңірде балалар-жасөспірімдер және бұқаралық футболды дамытуды, сондай-ақ жас спортшыларды дайындауда тұрақты инфрақұрылым қалыптастыруды көздейді.