Бұл туралы Иран парламентінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комитетінің мүшесі Исмаил Косари мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.
Сұйытылған табиғи газдың әлемдік жеткізілімінің 30%-на дейін және мұнай мен мұнай өнімдерінің жаһандық экспортының 20%-на дейін Ормуз бұғазы арқылы өтеді.
– Ормуз бұғазын жабу мәселесі қазір қарастырылып жатыр және Иран тиісті шешім қабылдаудан тартынбайды, – деп келтіреді оның сөзін ирандық Rokna порталы.
Иран билігі бұған дейін ұлттық қауіпсіздікке қауіп төнген жағдайда Ормуз бұғазында кеме қатынасын шектей алатынын бірнеше рет ескерткен.