22 маусымда Пәкістан алғаш рет Лахор қаласынан (Пенджаб провинциясы) Ресейдің Астрахань қаласына жүк пойызын жөнелтеді.

Бұл туралы Пәкістанның теміржол министрі Мұхаммад Ханиф Аббаси хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жүк пойызы Халықаралық "Солтүстік-Оңтүстік" көлік дәлізінің (INSTC) шығыс тармағы арқылы Иран, Түрікменстан және Қазақстан арқылы өтеді. Жалпы маршруттың ұзындығы шамамен 8000 шақырымды құрайды, ал жолға кететін уақыт 20-25 күнді құрайды.

Иранның Захедан қаласында теміржол табанының әртүрлілігіне байланысты құрам ауыстырылады. Одан әрі жүк Түрікменстанның Серахс қаласы арқылы, Қазақстанның Болашақ – Ақтау көлік дәлізімен жүріп өтіп, Атырау арқылы Ресейдің Астрахань қаласына жеткізіледі.

Бірінші кезеңде 15-16 контейнермен шамамен 500 тонна жүк тасымалдау жоспарланған. Пәкістаннан Ресейге былғары бұйымдар, тоқыма өнімдері мен медициналық құрал-жабдықтар экспортталады. Кері бағытта тыңайтқыштар, бидай және мұнай өнімдері жеткізіледі. Бұл жаңа маршрут елдер арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтып, Қазақстанның өңірлік көлік торабындағы рөлін арттырады деп күтілуде.