Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың тұңғыштары мектеп бітірді.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында қызының мектеп бітіру кешінен фото, видеолар жариялап, аналық тілегін білдірді.
”11 жыл қалайша қас қағым сәтте өте шыққан? Қай кезде бой жетіп үлгердің? Қашан есейіп кеткенсің? деген сұрақтар құлағымда жаңғырып тұрғанымен, іштей нақты жауаптарым бар болған соң паникаға берілмедім. Сол сәттегі барлық сезімдерімді бойдан өткердім, эмоцияға ерік бердім. Бәлкім, өзім де өзіңмен бірге қатар өскеннен болар?! Бір білерім, бұл кеш тағы бір белеске шығуға мүмкіндік берді. Бірнеше ой салды…
Сезімім, өзіңді және армандарыңды ешқашан сатпа”, — деп жазды ол.
Алайда, желі қолданушылары осындай атаулы кеште Қайрат Нұртастың бой көрсетпегенін жарыса жазуда. Актриса оқырмандарының сұрағына жауап беріп, мектеп бітіру кешіне Қайрат Нұртастың әнші ретінде қатысқанын айтты.
”Қайрат Нұртас әрине, болды. Ол әншісіз ешқандай кеш болсын, той болсын өтпейді ғой. Кешегі кеште де Қайрат Нұртас болды. Бірақ конкурста ғана. Қайрат Нұртас біз бар жерде тек фон болып жүреді осылай. Өйткені, ол халықтың адамы”, — деп жазды ол.
