Сот шешімін орындау барысында нысанды меншік иесінің өзі бұзды.
Алматыда заңсыз салынған кезекті нысан сүрілді, деп хабарлайды Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы.
Қарасай батыр көшесі/Жұмалиев көшесі, 126/135 мекенжайда өз бетінше салынған қосымша нысан сот шешімі бойынша сүрілетін болды.
Тұрғындардың өтініші негізінде жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесніңі (жеке тұлғаның) рұқсат құжаттарының жоқтығына қарамастан қосалқы және кіре беріс нысандарды салғаны анықталды.
"Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды және Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен кінәлі деп танылып, әкімшілік айыппұл арқалады. Заңсыз тұрғызылған құрылыс мәжбүрлеп бұзу ұйғарымымен сүрілетін болды", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Абай даңғылының учаскесі бір түнге жабылады
Алматы қалалық сотының 2025 жылғы 13 қаңтардағы қаулысымен бірінші сатыдағы шешім өзгеріссіз қалды.
Сот шешімін орындау барысында нысанды меншік иесінің өзі бұзды.