Петропавлда екі жасар бала күнбағыс дәніне қақалып көз жұмды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы .
СҚО полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысты қылмыстық іс тіркелді.
Қайғылы жағдай 13 маусым күні Петропавл қаласында болған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы зерттеліп жатыр, – деп мәлімдеді СҚО ПД өкілдері.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағандыда 2 жасар бала жетінші қабаттың терезесінен құлап, көз жұмған болатын.