Қазақстандықтардың жеке деректері бар 16,3 миллион жазба ашық тарап кеткен . Бұл ақпаратты Кибершабуылды талдау және тергеу орталығының президенті Олжас Сәтиев растады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

16 миллионнан аса жазба ашық тарап кеткен, бұл ел халқының басым бөлігін қамтиды. Тұрғындардың мынадай жеке мәліметтері тарап кеткен: тегі, аты, әкесінің аты, жынысы, туған күні, ЖСН, мекен-жайы, тұрғылықты жері, телефон нөмірлері (ұялы, үй, жұмыс телефондары), азаматтығы, ұлты және тағы басқалары.

Сарапшының айтуынша, ақпараттар қалай тарап кеткені әзірге белгісіз. Бұрын тараған деректерді біріктіріп, кейін жабық Telegram арналарда сата бастауы мүмкін немесе бұл мүлдем жаңа жағдай болуы да мүмкін.

"Бұл — ауқымды оқиға. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, ҰҚК жанындағы мемлекеттік қызмет не айтатынын күтеміз, олар да осы оқиғаны тергеуі керек", — деді Олжас Сәтиев.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget