Тегеранда Иранның бұрынғы президенті Махмуд Ахмадинежад шабуыл құрбаны болды. Әзербайжан телевидениесінің мәліметі бойынша, ол көшеде болған атыс кезінде қаза тапқан, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сондай-ақ АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Иранның жоғары рухани жетекшісі аятолла Әли Хаменейді де табатынын жариялап, елден толықтай капитуляцияға келуді талап етті.
2025 жылдың 13 маусымында таңғы уақытта Израиль «Арыстан халық» операциясы аясында Иранның ядролық және әскери инфрақұрылымына әуе соққыларын жасады. Бұл шабуыл нәтижесінде Ислам революциялық гвардиясы корпусының Бас штабы басшысы Хоссейн Салами мен Азад ислам университетінің ректоры Мохаммад Техранчи қаза болды.
Бұған дейін екі елдің әскері мен қаруын салыстырғанбыз.