Мұнайдың әлемдік бағасы күрт өсті, Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 76 доллардан асты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Баға қалай өзгерді?

Лондон ICE биржасында Астана уақытымен сағат 09:00-дегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің құны барреліне 4,73 пайызға өсіп, 76,7 долларға жетті.

WTI маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің құны 4,66 пайызға өсіп, барреліне 73,53 долларға жетті.

Бұған не әсер етті?

Мұнай бағасы өсуіне геосаяси ахуал әсер етті: Израиль мен Иран арасындағы қақтығыс, сондай-ақ, Ормуз бұғазының жабылу қаупі. IEA (халықаралық энергетикалық агенттік) мұнай қоры жетілікті екенін хабарлағанымен, қазіргі ахуал мұнай бағасы өсуіне себеп болды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget