ЦАХАЛ (Израиль қорғаныс армиясы) Тегеранның тағы бір ауданындағы тұрғындарды эвакуациялауға шақырды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Израиль әскері 18-округтің тұрғындарынан үйлерін тастап кетуді сұраған.

Аталған аудан Мехрабад әуежайы мен Аэроғарыш университетінің жанында орналасқан. Бұл ­ халық тығыз орналасқан аймақ.

Бұған дейін осындай ескертуден кейін ЦАХАЛ Тегеранға жойқын соққылар жасады. Бұл тактиканы әскер Газа мен Ливанда да қолданған — алдымен тұрғындарды ескертіп, кейін барлық ғимаратты жермен жексен етеді.

Бұған дейін екі елдің әскери мүмкіндіктері туралы жазғанбыз. Сонымен қатар БАҚ-та Иранның бұрынғы президенті қаза тапқаны туралы ақпарат пайда болды.