Тиісті құжатқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Қорғаныс министрінің жаңа орынбасары – Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып Қайрат Садықов тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Әнуарбекұлы Садықов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды", – деп жазылған 2025 жылғы 18 маусымда Ақорданың Telegram-арнасында жарияланған хабарламада айтылған.