Бұл деректерге аздаған жаңарту енгізілген болуы мүмкін

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев миллиондаған қазақстандықтың жеке деректерінің таралуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжілісте журналистерге сұхбат берген Мәдиев мемлекеттік дерекқор бұзылмағанын мәлімдеді.

Ал желіде тарап кеткен жеке деректер бұған дейін даркнетте қолжетімді болған.

«Аталған ақпарат 2024 жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімге жатады. Бұл деректерге аздаған жаңарту енгізілген болуы мүмкін. Ал жаңа деректердің таралуы тіркелген жоқ», — дейді Мәдиев

Министрдің айтуынша, қазақстандықтардың жеке деректері қандай да бір Telegram арналарда пайда болған жағдайда оны дереу бұғаттап отырады.