Әзірге мұндай өтініш келіп түспеді .
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Бақытжан Байжановтың түрмеден ерте шығуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Барлығы да соттың шешіміне байланысты. Үкім бар. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату бойынша шешімді сот дербес қабылдайды. Бишімбаевтың інісінің кейсіне келетін болсақ, әзірге ондай материал келіп түспеді. Егер де ол сондай ниет білдірсе, сот бұл мәселені қарастырады", – деді ІІМ басшысы Мәжіліс кулуарында.
Айта кету керек, бұған дейін азаматтық некедегі әйелін аяусыз ұрып өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот үкімі шыққанын жазған едік. Бұрынғы экономика министрі 24 жылға сотталды. Ал аса ауыр қылмысты жасырды деп айыпталған Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.