Осыған дейін әлеуметтік желілерде ҰҚК экс-төрағасының денсаулығы нашарлағаны туралы жаңалықтар көбейген еді.
Бүгін Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Мәсімовке қатысты тараған ақпаратқа нүкте қойып, түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оның айтуынша, ҰҚК-ның экс-төрағасы медициналық тіркеуде тұрған жоқ.
– Оның өкілдері келтірген барлық дәлел тексеріліп жатыр. Бүгін ресми түрде мәлімдеймін: оның жағдайы қалыпты. Сот анықтаған түрмеде отыр, – деді ол мәжіліс кулуарында.
Ержан Сәденов Кәрім Мәсімовтің қандай камерада отырғанына тоқталмады. "Қаңтар оқиғасынан" кейін "мемлекетке опасыздық жасады", "билікті басып алуға оқталды" және "қызмет өкілетін асыра пайдаланды" деп қатаң айыпталған ол 2023 жылы 18 жылға сотталған болатын. https://inbusiness.kz/kz/news/karim-masimov-18-zhylga-sottaldy Осыған дейін К.Мәсімовке қатысты өзге баптармен де сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқаны хабарланған-ды.
Бұған дейін Кәрім Мәсімовтің зәулім үйін алуға ешкімнің зауқы болмай, бірнеше рет сатылымға шыққан еді.