Bitcoin бағасы 200 000 долларға дейін өсуі мүмкін. Қазіргі баға 103 мың доллардан асады. CryptoQuant криптовалюта инвесторлары үшін аналитикалық деректер жеткізушісінің қызметкері Кармело Алеманның болжамы осындай. Оның пікірінше, бұл қазіргі нарықтың ең жоғары шегі болады. Бірақ, сарапшы Bitcoin бағасы нақты қай уақытта 200 мың долларға дейін жететінін нақты айтпаған.

Самал Қабышева