Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді. Бүгінде өнерлі жұп ел алдына бірге шықпай, тыңдарманын алаңдатып қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Тұрсынбек екеуі ажырасып кеткен”, “Күйеуі көрінбей кетті”, “Тұрсынбек екінші әйелімен тұрып жатыр екен”, “Мөлдір неге үнемі жалғыз жүреді”, “Тұрсынбектің арқасында шалқып жүр”, “Мөлдір баяғының бақсылары сияқты”, – деп жазды көпшілік.

Әзілкештің жұбайы барлық пікірді жауапсыз қалдырып, тек “Әйел ашуланса құлпырады” деп жазған пікір иесіне: “Ол – рас”, – деп жауап қайтарды.