Оқиға 17 маусым күні Жарлы ауылында болған.
Ақтөбе облысында 9 жастағы қыз бала мен оны құтқармақ болған 38 жастағы ер адам құдықта қаза тапты, деп хабарлады өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға 17 маусым күні Жарлы ауылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, үйдің ауласында орналасқан, тереңдігі шамамен 10 метр болатын, ішінде қоқыс толы құдыққа кішкентай қыз құлап кеткен. Оны құтқару үшін 38 жастағы ер адам құдыққа түскен, алайда ол да қайта шыға алмаған.
Оқиға орнына келген құтқарушылар қыз бен ер адамды құдықтан ес-түссіз күйде шығарып алып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Алайда көрсетілген шараларға қарамастан, екеуі де көз жұмды.
Оқи отырыңыз: Табыс 162 млн теңгеден асқан: Ақтауда заңсыз лоторея ойнатты деген күдікпен ерлі-зайыпты ұсталды
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.