Жоғарғы сот судьясы Сара Жармұхамбетова қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мемлекет басшысының тиісті ұсынысын палата отырысында Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов оқып берді.
«Сенат Сара Азымбекқызы Жармұхамбетованы отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы Соттың судьясы қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынысын енгізді. Судья зейнеткерлік жасқа толды, судьялық өтілі 28 жыл», деді Малахов.
Депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.