Мұндай сүйінші жаңалық Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
Есіл ауданының әкімі Серік Балжанов жиында аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын сөз етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қайбір сала болмасын, тікелей бюджетке байланысты, Сондықтан аудан басшысы әуелі аудан экононимкасына тоқталды. Бұл салада өрісті өсім байқалады.
Соңғы жылдары Мемлекет басшысының өзі халыққа ең қажетті құрылыстарды салуды және тездетуді тапсырды. Яғни, ауызсу, жол, жарық және газ, т.б. сынды елдің сұранысына сай салаларға басымдық беріледі.
Мысалы, аудандағы Знаменка және Красивое ауылдарында су құбырларын қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл – көпшіліктің сұрау. Әкімнің сөзінше, сапалы ауызсумен қамтамасыз ету – аудан инфрақұрылымының негізгі бағыттарының бірі. Сол секілді, "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы аясында да бірнеше елді мекеннің ішкі жолдары жөнделген. Биыл "Есіл – Свободное – Раздольное" автожолының келесі кезеңі басталмақ. Демек, тағы 12 шақырым жол жөнделіп, ел игілігіне табысталады. Сонымен қатар, жаңа көпірдің құрылысын бастау жобасы әзірленіп жатыр. Ең маңызды жаңалықтың бірі, ауданда әлеуметтік осал топтарға арналған 45 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.
– Біздің мақсат – ауыл мен қала тұрғындары үшін тең жағдай жасау. Бұл тек су мен жолмен шектелмейді. Денсаулық сақтау, мәдениет, спортқа қолжетімділік – бәрі назарда. Біз халықтың нақты қажеттіліктеріне сүйене отырып, заманауи аудан құрып жатырмыз, – деді Серік Балжанов.