Сенат құқық қорғау қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз ету туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды. Бүгін жоғарғы палатаның жалпы отырысында құқық қорғау мен азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін және әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметі саласында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбауға қатысты заң жобасы қаралып, құжаттың жекелеген баптарына түзетулер енгізіліп, кері қайтарылды. Жалпы, заңға сәйкес 23 заңнамалық акті түзетіледі. Олар 4 блокқа топтастырылады.
Нұрсұлтан Тілектес