Алматының тау бөктеріндегі Нұрмағамбетов көшесі, 374/1 мекенжайда заңсыз тұрғызылған төрт қабатты нысан сүріліп жатыр. Сот құрылыстың заңсыз салынғаны туралы 2022 жылы шешім шығарған болатын.

Қазіргі кезде сот орындаушыларының қатысуымен нысан бөлшектенуде.

Айта кетейік, қалада заңсыз салынған нысандарды бұзу бойынша жұмыстар жалғасуда. Бұған дейін «Арман», «KHAN» және «Orda City» ТК сияқты бірқатар ірі нысандар толығымен немесе ішінара бұзылған болатын.

Қала құрылысын бақылау басқармасы мынаны ескертеді: жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын барлық құжаттарды алдын ала тексерген жөн. Қажетті ақпаратты WhatsApp-тағы +7 705 89 66 000 нөмір бойынша алуға болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ALMATY ÁKIMDIGI (@akimat_almaty)