Ұлыбританияда 58 жастағы Саймон Протеро есімді ер адам туған анасын 58 жылдан кейін тапты. Алайда , оның анасы ұлымен кездесуге дайын емес екенін жеткізген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы DailyMail.co.uk сайты жазды.
Саймон Протеро сәби кезінде балалар үйінің дәретханасы жанынан табылған. Сәбидің ешбір құжаты болмаған. Кейін оны басқа отбасы асырап алған. 9 жасында ол өзінің жетім балалар үйінен асырап алынғаны туралы ақпаратты естиді.
Әйелі туыстарын іздеу туралы ой тастаған
Кейін Саймонның жұбайы оған жоғалған туыстарды іздеумен айналысатын телешоуға қатысуға кеңес береді. Әйелі қатерлі ісіктен қайтыс болғаннан кейін, Саймон оның кеңесін орындауға шешім қабылдайды.
Құжаттар болмағанына қарамастан, ДНҚ талдауы арқылы зерттеушілер Саймонның биологиялық анасын анықтайды. Осылайша ол алғаш рет өзінің тегін, отбасын және шыққан жерін білді.
Анасы кездесуге дайын емес
Бүгінде жасы 80-нен асқан биологиялық анасы Саймонды некесіз, жалғыз және отбасының қолдауынсыз жас кезінде босанғанын айтады. Ол ұлын не себепті тастап кеткенін есіне түсіре алмаған, сондай-ақ баласын Нит қаласына емес, Солтүстік Уэльстен келгенін айтып, Саймонның болжауына қайшы мәлімет береді.
Онымен алғаш байланысқан кезде, анасының алғашқы сөзі:
«Мен бұл үшін қиындыққа тап болмаймын ба?» — болды.
Телешоу тобы оның алаңдауына негіз жоқ екенін түсіндіргенімен, әйел ұлымен кездесуге әлі де дайын емес екенін айтқан.
Саймон алғаш рет сәби кезіндегі суретін көрді
Зерттеушілер Саймонның сәби кезіндегі фотосуретін тауып, оны алғаш рет көрсетуге мүмкіндік жасады. Сонымен қатар ол туысқаны Ноэльмен және оның отбасымен танысты. Биологиялық әкесі туралы мәлімет табылмады.
Саймон болашақта анасымен кездесуге үміттенеді.
Бұған дейін Белгьялық отбасы асырап алған Жәнібектің оқиғасы туралы жазған едік.