Қазақстан ПМЭФ-2025 алаңдарында стратегиялықәріптестікті нығайтуда және экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуде, деп хабарлайды El.kz интернет порталы .
Еліміздің премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумының (ПМЭФ-2025) жұмысына қатысты. Онда Ресей Федерациясымен және халықаралық серіктестермен сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды тереңдетуге бағытталған бірқатар стратегиялық маңызды кездесулер өткізді.
Бизнес пен билік диалогы үшін жетекші әлемдік алаңдардың бірі болып табылатын Форумға қатысу ұлттық экономикалық мүдделерді ілгерілетуге және негізгі салаларда бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталды. — деп жазылған Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сондай-ақ, іскерлік бағдарлама аясында Роман Скляр Ресей ФедерациясыҮкіметінің басшылығымен келіссөздер жүргізгені айтылды.