Атыраудағы «Ақжайық» резерватын қасақана өртегендердің бейнежазбасы тарап кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Атыраудағы «Ақжайық» резерватындағы өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Атырау облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Мирас Жалмурзин хабарлады.
«Ақжайық» резерватына қатысты қылмыстық кодекстің 203-бабына («Табиғи кешендерді қасақана бүлдіру, жою, өртеу») сай қылмыстық іс қозғалды», — деген ол.
Естеріңізге сала кетейік, Атырау маңындағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында өрт шыққан еді.
Өрт салдарынан Атырауда күйік иісі сезіліп, қаланы көк түтін басқан. Тұрғындар үйде терезе ашудың өзі мүмкін емес екенін әлеуметтік желілерде жазды.
Резерваттағы қамысты қалдықтарды тастаған Атырау мұнай өңдеу зауытының ісін жабу үшін өртеді деген болжамдар айтылып жатыр.
Сонымен қатар, әлеуметтің желіде Атыраудағы қамысты қасақана өртегендердің бейнежазбасы тарап кетті. Ақ көлікпен келгендерді бейнежазбадан көруге болады. Бұл қамыстың енді өртене бастаған кезі.