Демалыста ас үйде ұзақ отырмай-ақ, тез әрі дәмді тағам әзірлеуге болады. El.kz интернет порталы назарларыңызға жылдам дайындалатын ең оңай мәзірлерді ұсынады.

  1. «Француз тосты»

Құрамы:

– Жұмыртқа – 2 дана

– Сүт – 100 мл

– Қант, ваниль

– Нан

– Сары май

Таңертеңгі ас – күннің сәтті өтуінің негізі. Француз тосты жұмсақ нан мен жұмыртқаның, сүт пен ванильдің үйлесімінен тұрады. Екі жағын сары майда қуырып, үстіне бал, жаңғақ немесе жеміс салып берсеңіз, отбасы мүшелері мәз-мейрам болары анық.

  1. «Макарон-гратен»

Құрамы:

– Макарон – 300 г

– Сүт – 1 стақан

– Ұн – 1 ас қасық

– Сары май – 1 қасық

– Ірімшік – 100 г

– Тұз, бұрыш

Демалыс күндері тойымды тағам болсын десеңіз, макарон-гратен – таптырмас шешім. Тек макарон қайнатып, үстіне сүт пен ірімшік қосылған тұздықты құйып, пешке қойыңыз. 20-25 минуттан соң үсті қытырлақ, іші жұмсақ әрі шырынды тағам дайын!

  1. «Лаваш-ролл»

Құрамы:

  • Жұмсақ лаваш – 2-3 дана
  • Қайнатылған тауық еті немесе шұжық – 150-200 г
  • Қияр – 1 дана
  • Қызанақ – 1 дана
  • Жасыл салат немесе қырыққабат
  • Ірімшік – 50-100 г
  • Йогурт немесе майонез (тұздық үшін) – 2 ас қасық
  • Дәміне қарай: тұз, бұрыш, кептірілген аскөк

Жұмсақ лаваштың арасына тауық еті, көкөніс және йогуртты тұздық салып, орап қою – әрі пайдалы, әрі дәмді. Қалауыңызға қарай салмасын өзгертуге болады: ветчина, ірімшік, қияр, сәбіз – барлығы жараса кетеді. Бұл тағам әсіресе баламен бірге жасауға да өте қызықты.

  1. «Көкөніспен қуырылған тауық еті»

Құрамы:

– Тауық еті (сан еті) – 500 г

– Картоп, сәбіз, пияз

– Дәмдеуіштер (паприка, сарымсақ ұнтағы, тұз, бұрыш)

– Өсімдік майы

Пеште дайындалған көкөністі тауық – демалыс кешінде бір жағынан тойымды, бір жағынан жеңіл кешкі ас. Тауықты тұздыққа салып, көкөніспен бірге пешке қойсаңыз, хош иісі бүкіл үйге тарайды. Бұған көп уақыт та, көп күш те қажет емес.

  1. «Йогуртты балмұздақ»

Құрамы:

  • Табиғи (қантсыз) йогурт – 400-500 мл
  • Бал – 2-3 ас қасық
  • Банан – 1-2 дана
  • Құлпынай, көкжидек немесе басқа жеміс-жидек – 100-150 г
  • Қалауыңызша – жаңғақ немесе шоколад үгіндісі

Кремді, қантқа толы балмұздақтың орнына пайдалы әрі үйде оңай дайындалатын йогуртты балмұздақ – денсаулық пен ләззаттың тең үйлесімі. Жеміс, бал, грек йогуртын араластырып, мұздатқышқа салып қойыңыз – бірнеше сағаттан кейін дәмді десерт дайын болады.

  1. Үй пиццасы

Құрамы:

– Пицца қамыры немесе лаваш

– Томат пастасы немесе кетчуп

– Ірімшік

– Қалауыңызша салмалар: шұжық, көкөніс, зәйтүн

– Дәмдеуіштер

Пицца – барлық жастағы адамдардың сүйікті асы. Үйде дайындау өте оңай, әрі ішіне не салатыныңызды өзіңіз таңдайсыз. Алдымен қамырды (дайын қамыр немесе жұқа лаваш) табаға жайыңыз. Үстіне томат пастасын жағыңыз. Қалаған салмаларыңызды салыңыз: шұжық, қызанақ, саңырауқұлақ, зәйтүн, т.б. Үстіне үгітілген ірімшік себіңіз. Пешті 180°C-қа қыздырып, 15–20 минут пісіріңіз.

  1. Крем-сорпа

Құрамы:

– Картоп, сәбіз, пияз

– Сары май

– Сүт немесе қаймақ

– Тұз, мускат жаңғағы

Асқазанға ауырлық түсірмейтін, дәмі ерекше және денсаулыққа пайдалы бұл сорпа – әсіресе жексенбі кешіне таптырмас тағам. Картоп, сәбіз, брокколи, пияз сияқты көкөністерді аршып, бөліктерге тураңыз. Барлығын кастрөлге салып, су құйып, жұмсарғанша қайнатыңыз. Суын аздап төгіп, көкөністерді блендермен езіп, біркелкі масса етіңіз. Сары май немесе қаймақ қосып, аздап тұз, дәмдеуіш сеуіп, тағы 5 минут қайнатыңыз.

  1. Құймақ

Құрамы:

– Жұмыртқа – 2 дана

– Сүт – 500 мл

– Ұн – 1,5 стақан

– Қант, тұз, май

Құймақ – таңғы асқа да, кешкі шәйға да тамаша жарасатын тағам. Жеңіл әрі жылдам дайындалады. Жұмыртқа, сүт, қант, тұзды араластырып, ұн қосып, сұйық қамыр дайындаңыз. Табаны қыздырып, аздап май жағып, әр құймақты екі жағын қуырыңыз. Дайын құймақты қалауыңызша ірімшікпен, джеммен немесе етпен толтырып, орауға болады.

  1. Картоптан дайындалатын котлет

Құрамы:

– Пісірілген картоп

– Жұмыртқа

– Ұн немесе кептірілген нан үгіндісі

– Салмаға – ірімшік, ет, саңырауқұлақ

Пісірілген картопты езіп, жұмыртқа мен аздап ұн қосып, қамыр секілді масса жасаңыз. Қолмен кішкене домалақ не сопақша формаға келтіріп, ортасына салма (ірімшік, ет немесе саңырауқұлақ) салыңыз. Жақсылап жауып, нан үгіндісіне батырып, табада майға екі жағын қуырыңыз. Дайын котлетті қаймақпен не көкөніспен бірге ұсынуға болады. Сырты қытырлақ, іші жұмсақ бұл тағам балаға да, үлкенге де ұнайды.

  1. Жемісті сұлы ботқасы

Құрамы:

– Сұлы жармасы

– Сүт немесе су

– Бал, жеміс, жаңғақ

– Корица, ваниль

Егер демалыс күнін жеңіл, бірақ пайдалы ас ішіп бастағыңыз келсе – сұлы ботқасы тамаша нұсқа. Сұлы жармасын сүтпен немесе сумен 5–7 минут қайнатыңыз.Қалауыңызша қант немесе бал қосыңыз. Дайын ботқаның үстіне банан, жидек, жаңғақ, корица сияқты қоспалармен безендіріңіз. Ыстықтай да, суытылған күйде де іше аласыз.

Айта кетейік, бұған дейін зиянды тамақтардан бас тартпау керек екені жайлы, дұрыс тамақтану арқылы ағзаны тазалауға болатыны туралы жазған едік.