Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға кеше Сырым Датұлы көшесінде болған, деп жазады inbusiness.kz сайты .

"Шамамен сағат 17.30-да 2011 жылғы қыз белгіленбеген жерден жолдан жүгіріп өтіп бара жатқанда, оны 1999 жылғы жүргізуші айдаған "Лада Гранта" автокөлігі қағып кеткен. Жедел жәрдем қызметкерлері қыздың жанын аман алып қалуға тырысқанымен, ол есін жимастан, оқиға орнында көз жұмды", — деп хабарлады ведомство.

Қазір мамандар оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр. Жол апатына байланысты сол тұста көлік кептелісі пайда болған.