Индонезияның Бали аралында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы семсер қаруымен айқасудан Қытайды жеңіп, финалға жолдама алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл сында еліміздің намысын Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай және Руслан Құрбанов қорғап жатыр.

1/8 финалда команда Түрікменстаннан 45:21 есебімен басым түсті. Одан кейін қазақстандықтар Сингапурды 43:31 есебімен жеңді. Жартылай финалда Қытайды 45:24 есебімен айқын басымдықпен ұтты.

Алтын медаль үшін Қазақстан құрамасы Жапониямен кездеседі. Финал бүгін өтеді.