Солтүстік Корея астанасы Пхеньянда тұратын Пак Кён Сим есімді тұрғын жүктілігі кезінде бірден бірнеше баланы күтіп отырғаны анықталған соң, арнайы перзентханаға жеткізілген , деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Орталық Корей телеграф агенттігінің (KCNA) хабарлауынша, 31 қаңтар күні Пак Кён Сим екі ұл және үш қызды дүниеге әкелген. Бұл – ел тарихында ресми түрде тіркелген алғашқы бесем босану жағдайы.

Сәбилер бес ай бойы медициналық бақылауда болып, жақында ауруханадан үйлеріне шығарылды. Дәрігерлер ана мен балалардың жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр.