Астанада Ш.Айтматов көшесінің Сығанак көшесінен Қ.Мұхамедханов көшесіне дейінгі аралығында жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қала әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты, 21-29 маусым аралығында көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Бұл ретте көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша ұйымдастырылмақ.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады, — деп жазылған елорда әкімдігі таратқан мәліметте.