Бөлімдер
Жаңалықтар

Қазақстандық гимнаст әлем чемпионы атанды

Болгарияның София қаласында көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жекелей бағдарламасы тарихи оқиғалармен басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық гимнаст Ақмарал Ерекешева үш бірдей финалға 1-орынмен жолдама алып, екі жүлдеге ие болды.

Доппен көрсеткен өнері үшін Ерекешева 26.150 ұпай жинап, әлем чемпионы атанды.

Сондай-ақ, ол шығыршықпен орындалатын жаттығуда 26.950 ұпай жинап, күміс медаль жеңіп алды.

Бұған қоса бүгін Ақмарал Ерекешева таспамен, ал Айғаным Рысбек ұршықтармен орындалатын жаттығу финалына қатысады.