Түркияның оңтүстігіндегі Адана қаласында жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпуінің күші 4,5 баллға жетті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түспеген. Дегенмен Telegram арналарда жер сілкінісі туралы видеолар тарап жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Түркияның Мугла провинциясында 5,8 балдық жер сілкінісі болды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер бар, сондай-ақ, бір адам қаза тапты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!