Өткен жылы елге шетелден тікелей тартылған инвестиция көлемі 17 млрд доллардан асты. Ұлттық банктің ресми мәліметі осындай. Инвестицияның көбі тау-кен өнеркәсібі, көтерме және бөлшек сауда салаларына тиесілі.
Бұл екі бағытқа 11 млрд доллардан астам қаржы құйылған. Ал өңдеу өнеркәсібі, қызмет көрсету, ақпарат және байланыс салалары алғашқы бестікті түйіндеді. Одан кейінгі сатыда қаржы және сақтандыру қызметі, электр және газбен жабдықтау, құрылыс сияқты бағыттар тұр.