Елімізде «Әділ қоғам» атты мәдени-қоғамдық жоба басталды. Оның аясында барлық өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар ұйымдастырылады. Жоба мәдени-ағартушылық бастамалар арқылы ізгі құндылықтарды дәріптеуді көздейді. Бүгін Ұлттық кітапханада оқушылардың осы тақырып аясында салған суреттері, арнайы дайындаған бейнероликтері көрсетілді. Бұдан бөлек, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдерінің, қоғам қайраткерлері мен депутаттардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:
Мәдениет пен білім арқылы әділ қоғам құру бұл болашаққа салынған ең сенімді негіз болары анық. Сондықтан біз бүгін алғашқы қадамды бастағалы отырған осы жобаның ұзақмерзімді нәтижелі жоба болатынына сенімдімін.
Жанел Өтеулі