Ақмола облысында «Заң мен тәртіп» апталығы аясында «көшпелі қабылдау» акциясы өтіп жатыр.

Басты мақсат — азаматтармен кері байланысты нығайту. Ағашқы болып жергілікті билік өкілдері, құқық қорғау қызметкерлері мен прокурорлар Зеренді ауданының тұрғандарын жеке мәселесімен қабылдады. Бір күннің ішінде 40-қа жуық адамның өтініші тыңдалды. Басым көпшілігі әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық және жер қатынастарына қатысты мәселелер. Алдағы уақытта «көшпелі қабылдау» акциясын ауылдар да ұйымдастыру көзделіп отыр.

Нұрбол Ешімбаев, Зеренді ауданы прокурорының орынбасары:

- Мобильді көшпелі түрде өткізудің мақсаты ол азаматтардың жеке қабылдауға мүмкіндігін арттыру. Неге десеңіздер, мұндай көшпелі топтарды барлық құқық қорғау және жергілікті органдардың қызметкерлері қатысады. Кез келген азамат өзінің көкейкесті сұрағы бойынша жүгіне алады.