Иранда Израиль шабуылдарынан 606 адам қаза тауып, 5 мыңнан астам тұрғын жараланған.

Қаза тапқандардың дені – балалар мен әйелдер. Бұл туралы Иранның денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құрбандардың басым бөлігі қиранды астында қалып көз жұмған. Ал 5%-і алған жарақатынан ауруханада жан тапсырды. Соққылар салдарынан 7 аурухана мен 9 жедел жәрдем көлігі қираған.

Сонымен қатар, Израильдің Денсаулық сақтау министрлігі қақтығыс басталғаннан бері өз елінде 28 адам қаза тауып, 3238 адам жараланғанын хабарлады.

АҚШ президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні кешке екі тарап арасындағы атысты тоқтату сейсенбі күні сағат 04:00-де басталады деп мәлімдеді.