Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында орналасқан.

2025 жылғы 25 маусымда Астана уақытымен 08:51:53-те ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми-техникалық орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сейсмикалық оқиға Қытай Халық Республикасының аумағында орын алды. Эпицентрі 44,220° солтүстік ендік және 86,580° шығыс бойлық координаталарында орналасқан – Алматы қаласынан шамамен 789 шақырым солтүстік-шығыста.

Есептік деректер бойынша, жер сілкінісінің Қазақстан аумағында сезілуі тіркелген жоқ, халық пен инфрақұрылымға қауіп төніп тұрған жоқ.

Жағдай сейсмологтардың бақылауында.