Германияда өтіп жатқан әскерилер арасындағы әлем бірінішілігінде екі дзюдошымыз қола медаль жеңіп алды. Олар чемпионаттың алғашқы күнінде татамиге шыққан ұлттық құрама мүшелері: 60 келіге дейінгі салмақтағы Шерзад Давлатов пен 66 келіге дейінгі салмақтағы Нұрқанат Серікбаев. Шерзад бұған дейін ересектер арасындағы әлем чемпионатында дебют жасап, екінші айналымда корей балуаны Ли Харимнен жеңіліп қалған болатын. Ал Нұрқанат біраз үзілістен кейін, татамиге жаңа салмақпен оралды. Ол бұл жарыста 66 келіге дейінгі салмақта бақ сынады. Кадеттер арасындағы әлем чемпионы енді осы салмақ дәрежесінде күреспек. Мұндай мәлімдемені бұған дейін Ұлттық құрама жаттықтырушылары айтқан болатын.
Айта кетсек, әскерилер арасындағы әлем біріншілігіне 35 елден 200 спортшы қатысып жатыр. Дүниежүзілік дода 30 маусымға дейін жалғасады.
Асылбек Данияр