Сайран көлінде кәмелетке толмаған екі баланың суға түскені анықталды .
Олардың бірі өздігінен жағаға шығып үлгерген, ал екінші баланың қайда екені әзірге белгісіз. Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция мен құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті 112 нөміріне бұл жөнінде ешқандай хабарлама түспегенін хабарлады.
Айта кетейік, бұған дейін Сайран көлінде абаттандыру жұмыстары аяқталмай жатып, тазалық мәселесі туындағаны туралы жазған болатынбыз.