Куәгерлер оның мас болғанын айтады .
48 жастағы тұрғын марқұм мас күйінде тыйым салынған жерде суға түскен, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 25 маусым күні сағат 19:26-да сүңгуірлер 1977 жылы туған ер адамның денесін судан алып шықты. Кеше республикалық жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері жасөспірімнің денесін судан алып шыққан болатын. Ал, қасындағы тағы бір жасөспірім өз бетімен жағаға жүзіп шыққан.
Көлге күн сайын шамамен 4000-ға жуық адам келеді. Алматы қаласының ТЖД Сайран көлінде шомылуға барлық құрылыс, санитарлық іс-шаралар аяқталғанға дейін және нысан ресми пайдалануға берілгенге дейін қатаң тыйым салынғанын хабарлайды.
– Тыйым салу тәртібі бұзылған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес айыппұлдарды қоса алғанда, азаматтарға әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылатын болады. Қала тұрғындары мен қонақтарын судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, сондай-ақ рұқсат етілмеген жерлерде шомылудан бас тартуға шақырамыз, – деп хабарлады Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі