Теннис әлеміндегі ең беделді турнирлердің бірі саналатын Уимблдонда Қазақстан тағы бір тарихи белесті бағындырды .

Ақтаулық спортшы Бейбіт Жұқаев алғаш рет Үлкен дулыға жарысының негізгі кезеңіне жолдама алды.

Жұқаев Лондонда өткен іріктеу финалында әлемнің 239-ракеткасы сербиялық Лука Павловичті тізе бүктірді — 3:6, 6:3, 6:2, 7:6. Осылайша, 251-орында тұрған отандасымыз тарихи жеңіске қол жеткізді.

Енді жұма күні таңертең өтетін жеребеде Бейбіттің алғашқы қарсыласы анықталады.

Айта кетейік, Уимблдонның негізгі кезеңіне Қазақстан атынан тағы бірнеше мықты теннисші қатысады. Олар: Александр Бублик, Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Александр Шевченко және Анна Данилина.