Мұндай атышулы мәлімдемені Халықаралық бокс қауымдастығының президенті Умар Кремлев жасап отыр.
Оның сөзінше, боксшы Париж Олимпиадасындағы медальін қайтарып беруі керек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Умар Кремлев Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) шешімі әділет принциптеріне сәйкес келмейтінін алға тартады. Сондай-ақ, бұл шешімнің саяси мүдделерге негізделгенін де ашық айтқан.
Еске салайық, алжирлік Иман Хелиф тұңғыш рет 2022 жылы Әлем чемпионатында допинг дауына ұшыраған-ды. Сол уақытта допинг сынамасында одан күмән туындап, түсініксіз көрсеткіштер тіркелген еді.
Осылайша, екі жағдаймен И.Хелифтің сынамасынан рұқсат етілмеген жайттар анықталды.
Daily Mail басылымы алғашқы тесттен кейін осыған ұқсас жағдайлар болмағандықтан, ұйым қосымша сараптама жүргізуді құп көрген. Сол себепті, 2023 жылы алынған екінші сынама да алғашқы қорытындыны толығымен растап отыр.
Атышулы мәлімдеменің соңы немен бітетіні әзірше белгісіз.