Астанада "Достық үйі достарына құшақ жаяды" атты фестиваль өтті.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Астана күніне орай ұйымдастырылған бұл шара этносаралық бірлік пен қоғамдық келісімнің символына айнала білді десек болады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қонақтар қатарында – депутаттар, Қазақстан халқы ассемблеясының өкілдері, дипломатиялық корпус пен қоғам белсенділері бар.